МҚҚК «Есiл - Астана»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

-16°C

Астана

Көшпелі бұлт

Ылғалды 80%

Жел: 11.27 km/h

  • 13 Желт 2018

    -11°C -21°C

  • 14 Желт 2018

    -8°C -13°C

Ұйым туралы

1
2
3
4

Мекенжай: ҚР, Астана қ., Жеңіс даңғ. 3

Тел.: +7 (7172) 332-313; 332-167;

E-mail: esil_astana@mail.ru

Жұмыс ұақыты: 09:00 - 18:00

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Есіл-Астана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

1
«Есіл-Астана» МКҚК-ың директоры
Әлин Қанат Төлеубекұлы
2
Кеме шаруашылығының басқарушысы
Жумин Бейбіт Серікұлы

Құрылтайшысы, сонымен қатар коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Астана қаласының әкімдігі, Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы – «Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» Мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Кәсіпорынның толық атауы: Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Есіл-Астана» мемлекеттік коммуналдық қазыналықкәсіпорны; Кәсіпорынның ықшамдалған атауы: Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Есіл-Астана» МКҚК-ы.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні су қатынастарын реттеуде өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты Есіл өзені арнасында Астана қаласының әкімшілік шекарасы шеңберінде тұрғындарға сервистік-мәдени қызмет көрсету болып табылады

Алдына қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін Кәсіпорын   төмендегі қызметтерді атқарады:

• Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде Есіл өзені арнасында су көлігімен серуендеу-экскурсиялық қызмет көрсету;
• Су көлігімен экскурсияны жүзеге асыру кезінде азаматтармен ілесіп жүру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• Қызмет көрсету шекарасы шегінде кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын тиісті қалыпта ұстау және оны дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру;
• Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде Есіл өзені арнасында  кеме қозғалысын диспетчерлік реттеу;
• Кемелерді, салдарды және өзге де жүзетін объектілерді айлақтау, жағаға қою үшін тұрақты және уақытылы қондырғыларды және жүзбелі құралдарды орналастыру;
• Техникалық және сервистік, соның ішінде кемелерге май құю, техникалық бақылауды өткізу және жөндеу қызметтерін крсету;
• Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде Есіл өзенінде және жағалау бойында шағын бөлшектік сауданы жүзеге асыру;
• Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде Есіл өзенінде және жағалау жолағында тамақтандыру қызметін ұсыну;
• Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде Есіл өзені айдынында және жағалау жолағында мерекелік және өзге де іс-шараларды өткізу және оларға қатысу;
• Жол жұмыстарын, соның ішінде гидротехникалық орын-жайларды (айлақтар, көлік құралдары, кеме қозғалысының қауіпсіздігін реттеу құралдары) орнату, ұстау және пайдалану жұмыстарын жүргізу
• Кеме жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін кемелерді, салдарды және өзге де жүзбелі объектілерді сақтау..

© Есіл-Астана» МКҚК-ы Барлық құқық қорғалған. 2018 | https://arctika.kz
vk new
ins
Біз әлеуметтік желілердеfacebook

Please publish modules in offcanvas position.